23:38, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Балалар сазгері Алтын Маханбетованың шығармашылық кеші өтеді
АЛМАТЫ. 22 қазан. ҚазАқпарат - 25 қазан күні Астанадағы Конгресс Холл сарайында балалар сазгері, ұстаз-продюсер Алтын Маханбетованың шығармашылық кеші өтеді.
Кеш барысында өнер жұлдыздары жас өнерпаздармен бірге А.Маханбетованың балаларға арнаған 23 әнін орындайтын болады. Сүйемелдеуші - «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі. Кеш қонақтарының арасында Маржан Арапбаева, Шахизада, Гүлнұр Оразымбетова, Мирас Бекжанов, Аллаберген Жақсыбаев, Қайыржан Бердібаев, Баян Нұрмышева, Әлия Аюб, Қайрат Игіліков, Нұрғали Тұрлыбеков, Нұрбол Балапанов сынды жас әншілер бар.
Алтын Маханбетованың балалар шығармашылығына арнаған 10 жылдық мерейтойы бұған дейін, нақты айтқанда, үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы қаласында Абай атындағы опера және балет театрында өткен еді. Кеш барысында автордың 94 әні енген жинақ пен үнтаспасының тұсауы кесілген болатын.