19:13, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
«Балалар шығармашылығы» атты жаңа жұрналдың алғашқы саны жарық көрді
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада «Балалар шығармашылығы» атты түрлі-түсті жаңа жұрналдың алғашқы саны жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұрналдың бас редакторы Әділбек Жақыптың айтуынша, аталмыш басылымның құрылтайшысы «Парыз» қоғамдық қоры. Екі айда бір шығатын жұрналдың таралымы 1 мың 500 дана.
«Жұрнал негізінен бүлдіршіндер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып басылатын болады. Ал ерекшелігіне тоқталсақ, онда балалардың өздері жазған көркем-әдеби шығармалары, ертегілері, өлеңдері, әңгімелері жарық көреді. Сондай-ақ жас оқырман балалардың мәдениет, өнер, спорт, білім салаларында жеткен жетістіктерінен де хабардар болады»,- дейді Ә. Жақып.
Оның сөзіне қарағанда, жұрналда жарияланған дарынды балалардың еңбектерін кейіннен топтап, кітапша түрінде басып шығару жоспарланып отыр.