Балалар үйі түлектерінің көпшілігінде баспана мәселесі өзекті болып тұр - Бас прокуратура

АСТАНА 21 ақпан. ҚазАқпарат - Балалар үйінен түлеп ұшқандардың басым бөлігінде баспана мәселесі өзекті болып тұр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан алқа мәжілісінде ҚР Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау бойынша департаментінің бастығы Қанат Сейдғапбаров мәлім етті.

«Балалар үйінен түлеп шыққандардың басым бөлігінің алдынан шығатын проблема бар. Бұл - тұрғын үйдің болмауы. Соңғы 7 жылда 14 мың баланың 832 ғана бекітілген үйлеріне оралды, немесе 6 пайызы. Ал, мемлекеттен 823 ғана пәтер алған, немесе 5,8 пайызы. Сәйкесінше балалар үйінен тәрбие алып шыққандардың 12 мыңнан астамында баспана жоқ. Оның ішінде тек жартысы ғана тіркеуде тұр»,-деп атап өтті ол.

Қ. Сейдғапбаровтың сөзінше, баспанаға зәру жетім балалардың жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарында анықталып отыр.

«Бүгінде интернаттық мекемелердегі 10 мың 887 тәрбиеленушінің 6 пайызында немесе 700-ге жуығында бекітілген баспанасы бар. Баспана кезегінде 8 мыңнан астам бала тұр, немесе 81 пайызы»,-деді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар