Балалар үйінің басшылығынан 500 жетім құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикандық Мичоакан штатының билік өкілдері Самора қаласындағы балалар үйінде нашар жағдайда өмір сүрген 500 баланы құтқарды. Мекеме тәлімгерлері егеуқұйрық пен түрлі жәндіктер қаптап кеткен өте лас жерде өмір сүрген екен.
Балалар үйінің жетекшісі балалар саудасымен айналысып, оларды заңсыз бостандығынан айырды деп күдіктелуде, деп хабарлады РИА Новости. Мекеме әскерилер мен полицейлердің бақылауына алынып, ал оның директоры мен бірқатар қызметкері құрықталды.
Өзге ақпарат әзірге жарияланбай отыр.