Балалар үйінің тәрбиеленушілері Елбасы Н. Назарбаев оқыған мектепте болды (ФОТО)

«Мұражай орналасқан ғимарат 1899 жылы салынған. Онда кезінде Абай атындағы орта мектеп орналасқан болатын. Елбасы осы білім ордасында оқып, 1957 жылы аттестат алған», - деді мұражайдың директоры Мария Қожанова.
Айта кетелік, «Президентке сүйіспеншілікпен» деп аталатын аталмыш шараны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырып отыр.
«Мұражайда Президент өмірінің әр түрлі кезеңдерінен - мектеп оқушысынан бастап, ел тізгінін қолына алған кезге дейінгі шақтарынан сыр шертетін жәдігерлер қойылды. ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған бұл шара балалардың бойында отансүйгіштік, Елбасының өмірі арқылы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған», - деді «Қарасай аудандық білім қоры» корпоративтік қорының атқарушы директоры Еркін Исраилов.
Балалар сонымен қатар, жаңадан ашылған Абай атындағы мектеп-интернаттың мұражайында да болды. Экскурсияға қатысушылардың айтуынша, оларға Президенттің қандай жағдайда білім алғандығы қатты әсер еткен. Соған қарамай, мектепте үздік оқығандығына балалар тәнті болысты.