Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында спорттық сайыс өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында «Көңілді жарыстар» атты спорттық сайыс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының «Инвест-Қор» Мемлекеттік басқару дирекциясы» ЖШС-мен бірлесе ұйымдастырған жарысқа қаладағы № 1, № 2 және Алматы облысынан № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Балалар спорттық эстафета түрлерінен, дартс, баскетбол, арқан тарту секілді спорт түрлерінен бақтарын сынады. Ойынға ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Б. Мұхамеджанов, «Инвест-Қор» МБД» ЖШС директоры К. Жұмабаев және жеңіл атлетикадан Сидней олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина төрелік етті. «Осындай жарыстарды ұйымдастырудағы басты мақсат ? балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің спортқа деген қызығушылықтарын ояту, оларды дене шынықтырумен және спорт түрлерімен айналысуға тарту. Бүгінгі жарыс спорттық шаралардың басы ғана. Алдағы уақытта да балалар үйлерінің арасында түрлі сайыстар өткізіп тұрамыз. Жалпы осы бағытқа биыл 30 млн теңге бөлініп отыр», дейді ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов. Жарыс нәтижесінде Алматы қаласының № 1 балалар үйі жеңімпаз атанды. Ал қалалық № 2 және облыстық № 1 балалар үйі екінші-үшінші орындарды еншіледі. Ойынға белсенді қатысқан жасөсіпірімдер жекелей сыйлықтармен марапатталса, командаларға теннис үстелі, спорттық тренажерлер секілді бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар