Балалардың цифрлық деректерінің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Құрылтай депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов балалардың жеке және цифрлық деректерінің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін айтты.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа әрекет етудің бірыңғай алгоритмі бекітілді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

- 2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі бекітілді. Кодекс дербес деректердің айналымын, оларды пайдаланудың бірыңғай стандарттарын белгілейді. Кодексте деректердің құқықтық мәртебесі, олардың қорғалуы және цифрлық қатынастарды реттеу қағидаттары айқындалған. 2026 жылғы 24 маусымда дербес деректерді қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Кодекс пен Заңда балалардың цифрлық деректерінің қауіпсіздік мәселелері толық қамтылған, - деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы балалар мен жасөспірімдердің цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылармен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша құралдар әзірленгенін атап өтеді.

Премьер-министр жауабына қосымша берілген анықтамадаға қарағанда, «Балаларды интернетте қалай қорғауға болады?», ересектерге «Кодты алаяқтарға хабарлап қойсаңыз не істеу керек?» жадынамалары, дербес деректерді қорғауға арналған журналдар әзірледі.

CyberKraft журналында интернетті қауіпсіз пайдалану, цифрлық қауіптердің алдын алу қарапайым әрі түсінікті тілде баяндалған. Kaspersky компаниясымен бірлесіп, Киберәліппе әзірленді. Ол интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын түсіндіру, кибергигиенаның практикалық дағдыларды қалыптастырады.

Бұл материалдар «eGov» электрондық үкімет платформасының «Көмек» бөлімінде, Киберәліппе «Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі» бөлімінде орналастырылды.

Айта кетейік, елімізде онлайн-платформаны пайдаланушылардың жасын растаудың арнайы қағидалары әзірленеді.