Балаларды қапқаны үшін 63 иттің иесі сотталатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербургте 45 жастағы «ит асыраушы» Елена Рослова мен Мария Кожеватоваға қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды.
Оларды «бұзақылық жасау», «соққыға жығу», «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» баптары бойынша айыптауда. Бұл туралы РФ ТК МТБ баспасөз қызметі хабарлады.
Әйелдер Культура даңғылындағы пәтерде 63 итті асыраған. Оларға бірнеше рет көршілер шағым түсірген. 2016 жылдың 3 шілде күні «ит асыраушылар» жеті жануарды кіреберіске тұмылдырық пен шылбырсыз жіберген. Иттер 30 жастағы азаматқа шабуыл жасап, аяғынан тістеп алған.
Жануарлардың тістерінен тағы екі бала зардап шеккен. Қылмыстық іс прокуратураға жіберілді.