Балаларды қауіпті веб-контенттен қалай алыстатамыз? - ВВС

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілердегі балаларға зиян тигізетін қауіпті контенттерге алаңдаушылық күн санап артып келеді. Сол себепті ата-аналар балалардың нені көретінін, Интернетте қанша уақыт өткізетінін бақылай алуы керек, деп жазады ВВС басылымы.

Басылымның жазуынша, ата-аналардың барлығы дерлік балаларды Интернеттегі өмірден алыстатып, назарын басқа жаққа аударуға күресіп жатыр.

«Бүгінде жастар Instagram-да сағаттап отырып, «лайк қуады». Немесе ойын ойнап, WhatsAppта ұзақ уақыт отырады. Бұл жағдайда біз балаларды қауіпті контенттен қалай қорғай аламыз?» деп жазады автор.

Оның айтуынша, контентті фильтрлеуге арналған бағдарламалардың шыққанына көп жылдан асқанымен, ата-аналар оларды пайдалануға құлық таныта бермейді. Дегенмен, бүгінде ата-аналардың бақылауына арналған цифрлық құрылғылар саны артып келеді.

«Мысалы, Disney, Koala Safe және Ikydz жүйелері үйіңіздегі кез келген цифрлық құрылғыны бақылай алады. Жаңа өнімдер Wi-Fi роутер арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйелер балалардың жасына қарай фильтр қоюға көмектеседі. Оның ішінде қауіпті контент, құмар ойындар, таныстық алаңдары секілді өнімдерге тыйым салуға болады» деп жазады автор.

Дегенмен, автордың айтуынша, Instagram желісін бақылау қиынға соғады.

«Инстаграм желісін бақылай алмағанымен, ата-аналар құрылғыдағы интернетті өшіріп тастай алады. Интернет - керемет ресурс. Дегенмен, оны бақыламаса, ол балаларға үлкен қауіп төндіреді» деп жазады автор.

Оның айтуынша, бұл фильтр жүйелердің де өз кемшіліктері бар.

«Мысалы, балаңыз үйден шықса, фильтр жүйе жұмыс істемей қалады. Бала Wi-Fi емес, мобильді интернетті қолданса да, бақылау қиынға соғады» дейді автор.

Соңғы жаңалықтар