Балаларды қорғау күні Алматыда қандай мәдени шаралар өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 1 маусым - Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай Алматыда бірқатар мәдени шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

1 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Британ техникалық университетi (ҚБТУ) Қазыбек би – Абылай хан, Әйтеке би – Панфилов көшелерінің аумағында «Алматы БАЛАFEST» дәстүрлі балалар фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ауқымды фестиваль бағдарламасы қолөнер ойындары, поэзиялық және пластмассаны ұсақтау жарыстары (бөтелке қақпақтары), бейнелеу өнері шеберханалары және басқа түрлі іс-шараларды қамтиды.

Сондай-ақ мегаполистегі бірқатар саябақта мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Сағат 12:00- де «Family» саябағында, сағат 11:00-де Серіков көшесі, 2а «Гүлдер» саябағында, сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Сейфуллин атындағы паркте өтеді.

Бұдан бөлек, түскі сағат 12.00-де С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында (Төле би көшесі, 27) «Жарқын жаз» атты мерекелік іс-шара өтеді.


Соңғы жаңалықтар