Балаларды қорғау күніне орай елордадағы «Алау» спорт сарайында роликодром ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балаларды қорғау күніне орай «Алау» мұз сарайында балалар мен ата-аналар үшін еліміздегі ең үлкен роликодром өз есігін айқара ашады. Осы күні келушілер ролик теуіп, бадминтон және үстел теннисін ойнайды. Аренаға кіру тегін болады, деп жазады astana.gov.kz.
None
None

Балалар мерекесі спорттық бағдарламамен басталады. Роликодромда жас конькишілер үстел теннисінен бақ сынасады.

Таңертең жазғы хоккей лагерінің таныстырылымы өтеді. Бұл елордада жас спортшыларға өздерінің кәсіби дағдыларын шыңдауға септігін тигізбек. Бапкерлер ұйымдастырған «Hoсkey room» жобасы «Алауда» жүзеге асырылады. Жаз бойы жас хоккейшілер сырғанау техникасы, лақтыру және тағы басқа кәсіби дағдыларды шыңдау мақсатында үш жаттығу жиынын өткізеді.

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында мәдени және ойын-сауық бағдарламасы да қарастырылған. Ролик тебу қиынға соғатын адамдар үшін басқа конкурстар дайындалған.

Сағат 15.00-16.00 аралығында жай ролик тебуге болады. Дәл осындай кесте бойынша «Алау» 1 тамызға дейін жұмыс істейтін болады. Осыдан кейін дзюдодан Әлем чемпионатын өткізуге дайындық басталады.

Соңғы жаңалықтар