Балаларды құтқарамын деп қаза тапқан азаматтың отбасы марапатталды - ТЖМ

None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Тоғандағы суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып, тағы екеуін алып шығу үшін қайта ұмтылғанында өзі оралмай қалған Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрмановтың отбасына медаль табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға 2015 жылғы 7 шілдеде болған. Алматы облысының тұрғыны Рауан Бірқұрманов отбасымен Қарасай ауданы Исаево ауылының жанындағы тоғанға барған. Осы уақытта 10-12 жастағы балалар ата-аналарының қарауынсыз суға шомылып жүреді. Кенеттен ол балалардың суға бата бастағанын байқап қалады. Ойланбастан суға секірген азамат ұл мен қызды шығарып алады. Мұнан соң тағы екі баланы құтқаруға тырысқан. Алайда, оларға қарай сүңгіп кеткен ол өзі қайтып оралған жоқ.


Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде Рауан Бірқұрмановтың отбасымен кездесіп, «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін табыстады.




Соңғы жаңалықтар