Балалардың терезеден құлауы алаңдатады –ТЖК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Балалардың терезеден құлаған оқиғалардың жиі орын алуы Төтенше жағдайлар комитетін алаңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың терезеден құлауы алаңдатады –ТЖК

Ашық терезелерде баланың қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Балалар ашық терезелерге ұмтылады, өйткені олар қаншалықты қауіпті екенін ойламайды.

Құтқарушылар жүргізген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, осындай оқиғалардың саны өсуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 4 ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 2-ден 8 жасқа дейінгі 14 бала құлаған. Оқиға Қарағанды (3), Нұр-Сұлтан қаласында (3), Павлодар (2), Жамбыл (2) облыстарында, Алматы қаласында (2), Батыс Қазақстан (1), Ақтөбе (1) облыстарында орын алды.

Тек ағымдағы жылғы сәуір айында республикада көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 2-8 жас аралығындағы балалардың құлауының 8 оқиғасы тіркелген. Оқиға Қарағанды (3), Жамбыл (2) облыстары,Нұр-Сұлтан қаласы (2) және Павлодар (1) облысында орын алған.

16 мамырда елімізде балалардың терезеден құлаған 2 оқиғасы тіркелді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Момышұлы көшесі бойында алты қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен ересек адамның қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала құлап, оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға Таразда 7 шағынауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден ересек адамның қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала құлап кеткен. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

2019 жылы 2-13 жас аралығындағы балалардың үйлердің терезесінен құлаған 100-ден астам оқиғасы тіркелді.

Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет.

1. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, себебі назарыңызды бірнеше секундқа басқа жаққа аударсаңыз болғаны, ол бала өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.

2. Терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау - балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды.

3. Баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатыңыз.

4. Баланың терезе астына кірмеуі және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймаңыз.

5. Балкон немесе бөлме аралық шыны есіктердің жанында жинау барысында заттарды ретсіз қоюға болмайды, себебі бала сүрініп, жарақат алуы мүмкін.

6. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Ересек балаларды кішілерге қарауға үйрету.

7. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын оқыту маңызды. Ересек балаларды кішкентай балаларға қарауды үйретіңіз.

8. Терезенің астына жасыл көшеттер отырғызу, әсіресе, егер сіз жеке үйде тұрсаңыз, онда баланың терезеден түскен жағдайда қонуды жеңілдетеді.

9. Терезелерге баланың өз бетінше терезесін ашуға кедергі келтіретін кілт бар блокираторлар немесе терезе тұтқаларын орнату.