Балаларға арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның оңтүстік бөлігінде бүлдіршіндерге арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Балаларға арналған әлемдегі ең алғашқы мейрамхана ашылды

Балалар диетологы, кеңесші Клэр Бейслидің айтуына қарағанда, мейрамхана бүлдіршіндерді дұрыс тамақтандыру және жаңа тағамдармен таныстыру үшін ашылып отыр.

Әрине, балаларын дұрыс тамақтандыру ата-аналардың басты міндеті болып табылады, алайда бұл орында олар тағамның пайдасы мен зияны жөнінде егжей-тегжейлі біле алады.

Мейрамханада балалар көкөніс, жеміс-жидектермен танысып, дәмін татып көре алады. Сондай-ақ көңілді ән тыңдап мультфильм көруге де жағдай жасалған.

Түрлі түсті суреттермен берілген интерактивті мәзір арқылы тапсырыс бере алады, сонымен қатар ата-аналар мамандардан кеңес алуына болады.