Балаларға арналған ойын алаңдарын салуға 25 млн. теңге жиналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайырымдылық шарасы аясында балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысына 25 млн. теңге тартылды. Аталмыш қаражат Астанада 6-8 желтоқсан күндері «Дара» қоры үшін Constella, Damiani мен LaPerla сауда маркалары өткізген аукционда жиналды.

Балаларға арналған ойын алаңдарын салуға 25 млн. теңге жиналды

Аукцион аясында Жанна Кан, Гүлнәр Мерғалиева, Еркеш Шәкеев сынды меценаттардың ұсынуымен бірқатар лот қойылды. Арнайы ойын алаңдарын салу «Дара» қорының идеясы, ол ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеу, мүмкіндіктерін өрістету мақсатында жасалуда.

Мұндай алаңдарда пандустар орнатылған, тірек-қозғалыс аппарат қызметі, есту, көру қабілеті бұзылған балаларға икемделген, сонымен қатар қарапайым балаларға да қызық болатыны сөзсіз.  Қазір Қазақстанда мұндай алаңдар жоқтың қасы, сондықтан да болар, мүмкіндігі шектеулі балалар аулада ойын қызығына беріле алмайды, сондықтан төрт қабырғада қалуға мәжбүр. Бұл олардың өрісін өсірмейді, қоғамға бейімделуіне жол ашпайды. Балалардың ойын алаңдарын жасайтын отандық компаниялар осындай арнайы ойын құрылғыларын жасауға соншалықты құлықты емес. 

null null null