Балаларға арналған Pfizer/BioNTech вакцинасы тиімділігін көрсетті
BioNTech компаниясының бас директоры және құрылтайшыларының бірі Угур Сахиннің айтуынша, әрқайсысы үш микрограмнан тұратын үш доза нәрестелерге вирусқа төзімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Неміс вакцина әзірлеушісі BioNTech және оның американдық серіктесі Pfizer осы жас тобына арналған қазіргі Omicron BA.4/BA.5 нұсқаларына бейімделген қосвалентті вакцинаны әзірлеп жатыр.
Компаниялар АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек бақылау басқармасына балаларға арналған бейімделген вакцинаны шұғыл мақұлдауға өтінішін берді. Сонымен қатар, компаниялардың Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігіне өтініш беруі алдағы бірнеше күнде аяқталады деп күтіліп отыр.
Қазіргі уақытта Германияның вакциналау жөніндегі тұрақты комиссиясы (STIKO) ковидке қарсы екпені бес жастан асқан балаларға ғана ұсынады. 11 жасқа дейінгі дені сау балалар бір доза, ал денсаулығына қауіп төнген немесе жоғары қауіп тобындағы адамдармен байланыста болатын балалар екі дозаны қабылдауы керек.