Балаларға арналған «Жасұлан» оқулығы жарық көрді

/strong>Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Орыс мектебінің бастауыш сыныптарына арналған аталмыш кітапты Қазақтың мемлекеттік Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті Күпән Ермекова мен «Skada LC» лингвистикалық орталығының директоры Сымбат Қадыр бірлесіп шығарған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

К.Ермекова көп жылдар бойы жастарға ана тілін үйрететін оқу құралын шығаруды жоспарлап келгендігін айтады. «Бұрын француз тілін үйретудің әдістемелік құралын жасаған тәжірибемнің арқасында осындай кітапты жасадық. Қазақ тілін үйретуді мектептен, балалардан бастағанды жөн көрдік», дейді К.Ермекова.

Ал, екінші автор С.Қадырдың айтуынша, жаңа оқулықта мектеп бағдарламасына сәйкес тақырыптар мен әр модульда фонетикалық жаттығулар, лексикалық материал, грамматикалық ережелер, сөздік және өзін-өзі бақылауға арналған тестілер бар.

«Қазір оқулық 10 мың дана таралыммен басылып шықты. 1200 бала осы оқулықпен оқып та жатыр. Сондай-ақ кітаптың материалдары дискіге жазылған», дейді Сымбат Қадыр.

Орталықазиялық жүйелі шешімдер қорының президенті Майра Салықова аталмыш кітапта сөйлеу дағдысын дамытатын көптеген тапсырмалар мен әртүрлі жаттығулардың бар екенін жеткізді. «Оқулық курстарда, үйірмелерде, аудиториялық сабақтарда және де көмекші құрал ретінде ата-ананың мұғалімнің басқаруымен, тіпті өзі пайдалануына арналған», деп атап өтті өз сөзінде М.Салықова.

Соңғы жаңалықтар