Балаларға «аса мейірімді» көрінетін Санта-Клаустар жаппай төбелес ұйымдастырды
АСТАНА. 17 желтоқсан.қазАқпарат - Нью-Йоркте ішімдікке сылқия тойып алған Санта-Клаустар төбелес шығарды.
Қазір полиция жаппай жұдырықтасудың себеп-салдарын анықтап жатыр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Алдын ала болжам бойынша төбелесті бастаған жыл сайын өтетін «СантаКон» мерекесіне қатысушылар. Аяз аталардың айқасын куәгерлер түсіріп алып, YouTube видео порталына салып жіберген.
Атап өтейік, Жаңа жыл алдында тойланатын «СантаКон» мейрамы 1994 жылы Сан-Францискода басталды. Қазір бұл мереке әлемнің 44 елі мен 300 қаласында өткізіледі. Нью-Йоркте былтыр бұл мейрамды атап өтуге 30 мың адам қатысқан болатын.