Балаларға сапалы медициналық көмек көрсетілуі тиіс - Әлназарова

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Capital Health» тұңғыш ұлттық форумы өтіп жатыр.

Ақмарал Әлназарова
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
«Capital Health» тұңғыш ұлттық форумы
Фото: Kazinform

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекет, бизнес және ғылымның тоғысуы шеңберінде салауатты болашақты насихаттау, ұлт саулығын ұлықтау.

Форумды ашқан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова соңғы 10 жылда Қазақстанда халық санының жыл сайынғы тұрақты өсімі байқалатынын атап өтті.

«Бүгінде үкімет балалардың денсаулығына ерекше мән беріп, заманауи және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға ұмтылуда. Біз әрбір бала мықты, дені сау және бақытты болып өсуі үшін олардың сапалы медициналық көмек пен күтімге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Өйткені балалар – біздің болашағымыздың негізі», - деді министр.

«Capital Health» тұңғыш ұлттық форумы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді үштен бірге қысқарту көзделіп отыр.

«Осы мақсатта тұрақты даму мақсаттары индикаторлары денсаулық сақтау жүйесінің бағдарламалық құжаттарында жүзеге асырылуда. Халықаралық ұйымдармен бірлесіп, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қолдау мақсатында Жол картасы әзірленді. Сонымен қатар, әр адамның денсаулығы өз қолында және өмір салтына, мінез-құлық факторларына байланысты екенін халыққа ұғындыруымыз маңызды», - деді Ақмарал Әлназарова.

«Capital Health» тұңғыш ұлттық форумы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов

 

Соңғы жаңалықтар