09:47, 27 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Балаларға сыйлық таратып жүрген «Санта-Клаусқа» оқ атылды
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қатарынан жеті жыл бойы балаларға Рождество қарсаңында Санта-Клаус киімінде сыйлық тарататын афроамерикандық Ксавьер Хокинске биылғы жылы сыйлықтарын таратуды бастамай жатып-ақ оқ атылды.

Вашингтонның оңтүстік-шығысындағы Барри-Фрам ауданында аз қамтылған отбасыларда 800-ге жуық бала тұрады. Ол АҚШ-тың теңіз жаяу әскерінің қайырымдылық қоры арнайы сатып алған 1800 ойыншықты осындағы бүлдіршіндердің қолына тапсыруы керек болатын.
The Washington Post жазуынша, аталған оқиғаның куәгерлері қарудың атылған дыбысын естіген. Бірде-бір сыйлық таратып үлгермеген Санта-Клаус иығынан ауыр жарақат алған. Болжам бойынша, бұзақы Стивенс-роуд көшесінің бойындағы жақын орналасқан ғимараттың терезесінен оқ атқан. Жапа шеккен азамат өзінің жеті жылғы жұмысында бірінші рет осындай бұзақылықпен тап болып отырғандығын айтады. Дәрігерлер пневматикалық қарудан атылған оқты ер адамның иығынан алып тастады.