Балаларға жедел стоматологиялық көмек тәулік бойы көрсетілетін болды

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Елордада балаларға жедел стоматологиялық көмек сағат 20.00-08.00 дейін көрсетілетін болды. Ата-аналар тіс дәрігерлерінің көмегіне тәулік бойы, тіпті демалыс және мереке күндері де жүгіне алады.
None
None

Балаларға жедел стоматологиялық көмек №2 қалалық балалар ауруханасында (Қошқарбаев к-сі 64) көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты 70-97-27 телефоны бойынша №2 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарынан немесе 70-97-38, 70-97-39 телефондары бойынша стационардың қабылдау бөлімінен алуға болады.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Соңғы жаңалықтар