Балаларына жеті жыл бойы алимент төлемеген алматылық ұсталды

Алименты на 300 млн тенге взыскали прокуроры в Жамбылской области
Фото: Жамбыл облысы прокуратурасы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы көші-қон қызметі полицейлері жеті жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген ер адамды құрықтады. 

– Алимент бойынша қарыз сомасы бүгінгі күнге дейін 6 млн теңгеден асты. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес, қарыз сомасын өндіру туралы сот шешімін ары қарай орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Еске салсақ, бұған дейін алимент төлемеген алматылықтың 1 жылға бас бостандығы шектелген болатын.

Сондай-ақ, 4 баласына екі жыл бойы алимент төлемеген Жетісу облысының азаматы ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар