Балаларына алимент төлеуден жалтарған ана 2 жылға бас бостандығынан айырылды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Шарбақты аудандық сотымен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына 3 айдан астам уақыт бойы алимент төлеуден жалтарған 1973 жылғы Светлана Мануйленкоға қатысты қылмыстық іс қаралды,

Балаларына алимент төлеуден жалтарған ана 2 жылға бас бостандығынан айырылды - Павлодар облысы

деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

 Айыпталушының екі баласын қамқорлығына алған Шарбақтыдағы «отбасылық жағдайдағы балалар үйінің» директоры сотқа қылмыстық іс қозғау жайында арызданған. Бұған дейін Мануйленко соттың шешімімен ата-ана құқығынан айырылып, алимент төлеп тұруы тиіс болатын. Алайда спирттік ішімдікке салынған ол сот шешімінен кейін алимент төлеуден жалтарып жүр.

 Мануйленко ҚР ҚК-нің 136 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.