Балаларыңызды қосымша білім беру орталығына апаруды тоқтата тұрыңыздар – білім басқармасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа байланысты басқа өңірлерден келген 9172 студент тұрғылықты мекенжайы бойынша үйлеріне жіберілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларыңызды қосымша білім беру орталығына апаруды тоқтата тұрыңыздар – білім басқармасы

«Техникалық шығармашылық, өнер мектептері, музыка мектептері сияқты қосымша білім беру мектептері де 5 сәуірге дейін каникулға шықты. Ата-аналарға балаларын қосымша білім беру орталықтарына, үйірмелерге апаруды тоқтата тұруды ұсынамыз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталғаны туралы жазғанбыз.