«Балалық шағымның аспаны» фильмнің түсіру тобы мүшелеріне Мемлекет басшысының алғысхаты табыс етілді

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясында «Балалық шағымның аспаны» фильмің түсіру тобы мүшелеріне арналған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаттарын табыс ету рәсімі болды, деп хабарлайды «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шараға ҚР халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, режиссер Рүстем Әбдірашев, әртістер Ержан Жарылқасынов, Алмагүл Әлішева, Әбілмансұр Серіков, Елжас Әлпиев, композитор Қуат Шілдебаев, сценарий авторы Шахимарден Құсайынов, оператор Александр Рубанов пен тағы басқалар қатысты.

Естеріңізге салар болсақ, Елбасының балалық шағы мен жастық шағы туралы түсірілген туындының тұсаукесері Астанада өткен. Ол кәсіби мамандар мен қарапайым көрермендердің тарапынан жоғары бағаланды.

Соңғы жаңалықтар