Баланы Наурызбай мен Наурызгүл деп атаудан ОҚО мен Маңғыстау облысы көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа туған баланы Наурыз мейрамы құрметіне орай есім беруде Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр.
None
None

Мәселен, ҚР Статистика агенттігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен жылы наурыз мейрамы күні дүние есігін ашқан сәбилердің 9-ына Наурызбек, 7-еуіне Наурыз, 6-ауына Наурызбай есімдері берілсе, Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан есімдері бір реттен қойылған.

Сондай-ақ өткен жылы Наурыз мейрамына қатысты есім арқалаған сәбилер еліміздің 9 өңірінде тіркелген. Бұл ретте мейрамға орай Наурыз есімі жаңа туған сәбилерге Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында 5 реттен, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 3 реттен, Ақтөбе мен Атырауда 2-ден қойылған. Ал Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облысында мейрамға орай ат қойылған 2 бала бар.

Сәбиге ат қою - нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Соңғы жаңалықтар