Баланың еркелігі біреудің өліміне себеп болуы мүмкін - ТЖД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «112» нөміріне балалар ерігіп отырып телефон соғатын жайттардың көбейіп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баланың еркелігі біреудің өліміне себеп болуы мүмкін - ТЖД

«Назар аударыңыздар! 2016 жылы «112» нөміріне 500 мыңнан аса қоңырау түсті. Соның 200 мыңы біздің жұмысымызға қатысты емес, анықтама алу сипатындағы және ерігіп отырған балалардың қоңырауы»,-деген ақпарат таратты ТЖД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі жалған қоңырау шалған адам әкімшілік, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салып отыр.

«Біреу өмір мен өлім арасында жатқанда, жалған қоңыраулардың кесірінен «112» нөмірі бос болмай қалады. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жалған қоңырау шалған азамат ҚР заңына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Анықтайтын сұрақтарыңыз болса, қаланың анықтамаға арналған басқа да телефондары бар»,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.