Баланың өліміне әткеншек себепші болды

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Владикавказдың орталық саябағында әткеншек тебу кезінде сегіз жасар бала ауыр жарақат алып, соның салдарынан қайтыс болды.

Баланың өліміне әткеншек себепші болды


Бұл жөнінде ТЖМ республикалық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне  сілтеме жасап.

 «Алан Степаненко,  «Аттар» әткеншегін тебу кезінде байқаусызда ішінен қатты соққы алды», - деді баспасөз қызметінің өкілі. «Зардап шегуші республикалық балалар ауруханасына жеткізіліп,  оған үш сағатқа созылған дәрігерлік операция жасалған. Алайда, ауыр жарақат алған сәби операция үстелінде  көз жұмды».

Куәгерлердің айтуынша,  ауыр соққы алған сәби балалар аттракционында үлкендердің қарауынсыз болған.