Баланың ойнай отырып, рухани-адамгершілік тұрғыдан ерте дамуын қолға алу керек - Қ. Әбілдина
«Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының өзегі бала тәрбиесінен басталады. Осыған орай, біз мектепке дейінгі тәрбие мен балаларды оқытудың оқу-әдістемелік құралын әзірлеген болатынбыз, жоба ретінде. Бұны ұлттық комиссияда таныстырғалы отырмыз. Бұл әртүрлі жастағы балаларға арналған біреуі ойыншық түрінде, біреуі оқулық түрінде болып, бала дамуына әсер етеді деп ойлаймын», - деді Қарақат Әбілдина.
Оның айтуынша, жобаның ерекшелігі баланың ойнай отырып, көп нәрсеге ерте бастан үйренуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте ұсынылып отырған жоба оқу-әдістемелік тізбеге енген. Ендігі күні стандарттарға сәйкестену мәселелері қарастырылады.
«Ең бастысы баланың ана тілінде сөйлеуін, ойлауын ертегілер, халық әндері арқылы сіңіру. Бала есту, қайталау, ойнау арқылы дамиды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі әртүрлі жасқа сызу, жазу бағытында да біршама дүниелерді қамтып отырмыз. Жобада баланы тәрбиелеу мерзімін құрсақтан бастап 7 жасқа, яғни мектепке дейінгі кезең бойынша қамтығымыз келеді. Баланың ойнай жүріп бірден қабылдайтын, тез ұғып, бойына тез сіңіретін кезеңнің бірі де осы», - деді Қ. Әбілдина.