Баланың психикасын бұзатын қуыршақтар - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-аналар балалары үшін түрлі ойыншықтар сатып алуды жөн көреді. Қазір дүкен сөрелерінде сондай ойыншықтардың неше түрлісі самсап тұр.

Баланың психикасын бұзатын қуыршақтар - ФОТО

Бүгінде ойыншық бизнесі әлемде қарқынды дамыған. Дамығаны соншалық, қазіргі балалар көретін мульфильмдердің кейіпкерлері де араға көп уақыт салмай сатылымға шыға бастайды. Мамандар балалардың кішкентай кезінде ойнайтын ойыншықтары оның сана сезіміне әсер ететінін арагідік айтып келеді. Соған қарамастан, кейде дүкен сөрелерінен небір қорқынышты қуыршақтарды көруге болады. Distractify сайты балалардың психикасына орасан зор кесірін тигізетін осындай қорқынышты «ойыншықтардың» суретін беріп отыр.