Балаңыздың балабақшасы қауіпсіз деп ойлайсыз ба?

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - 2011 жылы 48 мыңнан астам адам балабақша кезегінде тұрса, биыл мектепке дейінгі білім алуға мұқтаж балалардың саны 64 мыңға жеткен.
None
None

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалыптасқан жағдай жекеменшік нысандарда мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің кеңінен таралуына мүмкіндік туғызды.

Осындай объектілер көбіне жеке үй-жайларда (коттедждер), көп пәтерлі тұрғын үйлерге жапсарлас салынған үй-жайлар мен пәтерлерде орнасқан.

Осындай 14 мекемені прокурорлық тексеру нәтижесінде олардың 9-ында санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталған. Сондай-ақ, үй-жайдың сәулет-құрылыс талаптарына сәйкес келмейтіні де тіркелген. Тексеру нәтижесінде 2 балалар орталығы жабылды, біреуінің қызметі тоқтатылу сатысында және бірінің қызметі уақытша тоқтатыла тұрады, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Тексеру барысында анықталған басты кемшіліктер ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, бір балаға арналған алаң көлемінің талаптарға сәйкес келмеуі, медициналық кабинеттің жоқтығы, қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болмауы, ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаттардың жоқтығы сияқты көптеген заңбұзушылықтар тіркеліп отыр.

Кінәлілер ҚР ӘҚК 312-бабы және ҚР ӘҚК 323-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Астана тұрғындары балаларға мектепке дейінгі тәрбие және білім беру объектілері жұмысындағы заң бұзушылық фактілері туралы Астана қаласы прокуратурасының төмендегі сенім телефондарына хабарласуына болады:  712433, 712119.   

  

Соңғы жаңалықтар