«Балапан» 2 жасын атап өтті

    АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Балапан» телеарнасының 2 жасқа толуына арналған салтанатты шара болып өтті. Оған балаларын ертіп келген Астана тұрғындары көптеп жиналды.
None
None

Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Қазақстан» РТРҚ АҚ төрайымы Нұржан Мұхамеджанова кішкентай көрермендерді мерекемен құттықтады.

«Екі жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен, балаларымызға базарлық ретінде ашылған телерна туған күнін сіздермен бірге атап өтіп жатқанына қуаныштымын. Бұл біздің еліміздегі  балаларға арналған бірден-бір телеарна. Жаңа маусым тың жаңалықтармен басталды. Ол телеарнаның Қазмедиа орталығында сандық жүйеде хабар тарата бастағаны. Ол сондай ақ, «Балапан» арнасы отыздан астам жаңа бағдарламалармен толығуы. «Балапан» арнасы сіздер сияқты көрермендермен көркейеді», - деді ол.

Концертте еліміздің өнерпаз бүлдіршіндерімен қатар, эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, көрермендерді қуанышқа бөледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум