"Балапан" бағдарламасының аясында Алматыда балабақшаға деген зәрулік азайып келеді - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда соңғы 3 жылдың ішінде 40-тан астам балабақшалар мекемесі ашылды. Олардың басым бөлігі қазақ топтары. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыда Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткен "Ана тілім - ардағым" деп аталатын фестивальде айтты.
None
None

" Бүгінгі күні Алматыдағы 216 балабақшаның 81-і қазақ тілінде, 82-сі аралас. Оларда тәрбиеленушілердің 15 мыңы қазақша, 7 мыңы орысша тәрбие алуда. Бұдан басқа 15 мың сәби аралас топтарға барып жүр. Бір қуанарлығы өзге ұлт өкілдерінің қазақша тәрбие беруге деген ықыласы жыл сайын артып келеді. Қаламызда 3692 өзге ұлт өкілдері қазақша тәрбиеленуде. Оның 2266-сы орыс, 1426-өзге ұлт бүлдіршіндері", - дейді А. Есімов. Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, қазір Алматыда қазақ балабақшаларындағы сәбилер саны 60 пайыздан асты. Бұл Елбасының Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деген сөзінің дәлелі. Мектепке дейінгі мекемелерді оқу-әдістемелік құралдармен жабдықтау да заман талабына лайық жолға түсті. Жергілікті бюджет есебінен өткен жылы - 30, биылғы жылы - 50 сериялы анимациялық фильмдер әзірленіп, тегін таратылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

Соңғы жаңалықтар