«Балапан» телеарнасына - 2 жыл!
Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасының стратегиялық маркетинг департаментінен хабарлады.
Концерттік бағдарламада танымал жүргізушілер, сүйікті кейіпкерлер, дарынды балалардың қатысуымен «Балапан» телеарнасының жаңа маусымы таныстырылады.
«Қазақстан» РТРК АҚ-ның құрамындағы «Балапан» телеарнасы 2010 жылдың 27-ші қыркүйегінде ашылды. 3-12 жас аралығына арналған телеарна алғашында 12 сағат хабар таратты. Бүгінде 17 сағат бойы кабельдік, спутниктік жүйемен эфирге шығуда. Телеарна кішкентай көрермендеріне оқу-танымдық, спорттық, интеллектуалдық ойындар мен музыкалық шоулар, отбасылық хабарлар, анимациялық мультфильмдер, балаларға арналған телехикаяларды ұсынуда.
«Балапан» қазақ баласының санасына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтады.
Зиялы қауым өкілдері мен танымал тұлғалар, өнер жұлдыздары кештің қадірлі қонағы болады.