Баласына 3,5 млн теңге алимент төлемей жүрген әкенің шотынан 6 млн теңге табылды

алимент
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Елорда прокуратурасы электронды әмиянында 300 млн теңгеден асатын ақшасы бар 170 борышкерді анықтады.

Осылайша, бір ғана борышкер алимент бойынша 3,5 млн теңге қарызы бола тұра, өз әмиянын 6 млн теңгеге толтырған.

Алимент өндірудің осы және басқа да түйткілді мәселелері қала прокуратурасының алаңында уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде талқыланды.

Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жасырын кірістерді балалардың пайдасына өндіру бойынша шара қабылдап жатыр.

Бүгінгі таңда борышкерлер 20 млн теңге қарызын өтеп үлгерді.  

Соңғы жаңалықтар