Баласы нашар баға алған ата-анаға айыппұл салына ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram-дағы Қарағанды жаңалықтары паблигінде балалары мектепте нашар оқитын ата-аналарға айыппұл салуды көздейтін «жаңа заң жобасы» талқыланып жатыр. Облыстық Білім басқармасы бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake сайтына сілтеме жасап.


Анықталғандай, алаңдауға негіз жоқ. Елімізде «екі» алған балалары үшін айыппұл салу жоспарланып жатқан жоқ.

«Қолданыстағы заңнамада балалардың қанағаттанарлықсыз бағалары үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осындай жаңашылдықтар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға шығарылған жоқ. Қандай да бір білім беру реформаларын енгізу туралы нақты мәліметтер алу үшін ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз», – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасынан.