Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Баласымен бірге орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйел үш күн бойы адасқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні таңертең іздеу тобы қасында 12 жасар баласы бар 45 жастағы әйелді тапты. Олар Нижнеилимск ауданы аумағында 8 кыркүйекте саңырау құлақ теруге шығып, адасып кеткен.

Баласымен бірге орманға саңырауқұлақ теруге кеткен әйел үш күн бойы адасқан

Иркутск облысы бойынша Ресей ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалып кеткендерді іздеуге полицейлер, волонтерлер жеке күзет кәсіпорындарының жұмысшылары, кент  әкімшілігінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Дәрігерлердің айтуларына қарағанда, ана мен баланың денсаулығы қалыпты. Полицейлер сақырауқұлақ іздеушілерді үйлеріне  жеткізді, деп жазады rosbalt.ru.