Баласын көліктің жүк салғыш бөлігінде тасымалдаған жүргізуші жазаланды

Алматы полицейлері «Фольксваген» маркалы автокөліктің жүк салғыш бөлігінде жатқан балаға қатысты бейнематериал бойынша көлік жүргізушісін айыпқа тартты.
«Әке-шешесінің осындай әрекетінен көбіне баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп жатады. Көпшілігінің жол қауіпсіздігі ережесін түсінбейтіндігі, оны сақтамайтындығы өкінішті. Айта кетейік, бұл оқиға бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Бұл жолы, бейнематериал әлеуметтік желіде жарық көргеннен кейін жергілікті полиция қызметі тексеру шарасын жүргізіп, жүргізушіні анықтады. Ол ҚР ӘҚБК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша жолаушы тасымалына қатысты ережені бұзған. Жол ежересі талабын не үшін бұзғанын жүргізушінің өзі түсіндіре алмады», - дейді Алматы қаласының ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Если сзади въедут ?? Ваше мнение🤔 ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ ♠Самые Дерзкие и Крутые Тачки KZ🇰🇿 и Не Только👉 @autolife_kz✔ ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ 🤘Актуальные Новости 🇰🇿👉 @autolife_kz✔ ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ 🚓 ДТП и Происшествия 🇰🇿👉 @autolife_kz✔ ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ 💯Лучший Автомобильный Контент🇰🇿 👉 @autolife_kz✔ ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ ❗ Рекомендуем подписаться 👍😎 🇰🇿@autolife_kz