Баласын төбелеске мəжбүрлеген əкеге қатысты сот шешімі шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот Астанадағы аулаларының бірінде баласын төбелеске итермелеген 40 жастағы ер адамға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ішкі істер департаментінен хабарлағандай, іс материалдары елордадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік құқықбұзушылық бойынша Кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) негізінде тапсырылған. Ақыры, сот айыпкерге 5 АЕК (12 мың теңге) көлемінде айыппұл салған.
Еске сала кетсек, Фейсбук қолданушыларының бірі әкесі баласын төбелеске итермелегенін жазған болатын. Осылайша, әкесі баласының кек алуын қалаған. Баланың жасы - 8-10 шамасында.
Фото: pastinfo.am