Баласының балабақшадағы кезегін сарыла тосып жүрген ата-ана, баласы бір жарым ай бойы ресми түрде балабақшаға барып жүргендігін министрден білді

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Баласының балабақшадағы кезегін сарыла тосып жүрген теміртаулық ата-ана, ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтан олардың балалары ресми тіркеу бойынша бір жарым ай бойы балабақшаға барып жүргендігін білді.
None
None

Білім министрі Ж.Түймебаевтың жеке блогына хат жазған Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғыны Наталья Салтаева, баласын балабақшаға орналастыруда тап болған проблеманы шешуге қолғабыс көрсетуді өтінген.

«Менің қызым Полина Костеренкоға 2 жыл 10 ай толды. Теміртау қаласының №2-ші балабақшасына кезекке бала дүниеге келісімен тіркелдік. 2010 жылғы маусымның 1-індегі жағдай бойынша біз кезекте 36-шы орында тұрмыз. Біздің №2-ші балабақшаға 25 бүлдіршіннен 2 топ қабылданды. Менің қызым солардың қатарына енуі керек еді. Бірақ олай болмады. Орындарды үлестірумен айналысқан комиссиядан бұған қатысты мардымды жауап ала алмадым. Оның үстіне, біз қазір нешінші орында тұрғанымызды біле алмай отырмыз. Есесіне, олар 500 долларға баланы балабақшаға орналастырып бере алатындықтарын ашып айтты», делінген оның хатында.

Ананың бұл сауалына Білім министрі: «Қарағанды облыстық Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2007 жылғы шілденің 17-сінде туған Полина Костенко, 2010 жылғы тамыздың 16-сынан бастап ресми түрде Теміртау қаласындағы «№2 Жұлдыз балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік- қазыналық кәсіпорнына барып жүр», деп қысқа ғана жауап қайырған.

Соңғы жаңалықтар