«Балбөбек» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Елордада «Балбөбек» балалар байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды елорданың ресми сайтынан. Алақайлаған балақайлар еліміздің әр өңірінен келген. Балалар шығармашылығын дамытуды мақсат ететін байқауда басты назар да, бар қошемет те кішкентай өнерпаздарға арналды.
None
None

Аталған іс-шарада 5-10 және 11-14 жас санатында «Вокал», «Хореография» аталымдары бойынша 20 би тобы, 25 жас орындаушы бақ сынады. Жалпы, байқауға 300-ге жуық бала қатысқан.

«Балбөбек-2013» балалар байқауында «Вокал» аталымы бойынша ересектер тобында астаналық Айымжан Кабсалямова бас жүлде иегері атанды. Ал кіші топта Шымкенттен келген Владислав Пампуровтың бағы жанды. «Хореография» аталымында елордалық қатысушылардың жолы болды. Ересектер тобында «Тұмар» халық би ансамблі, кіші топта «Жемчужинки» ансамблі бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Соңғы жаңалықтар