«Балдәуренде» балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданыдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті,

«Балдәуренде» балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Балдәурен» орталығының жұмысымен танысып, лагерьде демалып жатқан балалармен кездесіп, әңгімелесті, сабақтарына қатысты. Одан кейін дөңгелек үстелдің күн тәртібіне сәйкес Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шердің еліміздегі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты баяндамасы тыңдалды. Онда жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі 10 мыңнан астам лагерьлердің жұмыс істеп, 1 миллионнан астам баланың қамтылатыны айтылды.

Содан кейін басқосуға қатысушыларға «Артек» (Украина), «Орленок», «Океан» (Ресей), «Зубренок» (Беларус) халықаралық балалар орталықтарының жұмысы туралы фильм көрсетіліп, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының даму болашағы туралы оның Бас директоры Мұхитдин Төлепбаев сөз сөйледі. Оның мәлімдеуінше, «Балдәурен» орталығы жыл бойы жұмыс істейді және ауысымына үздік оқуы, белсенді өмірлік ұстанымы үшін конкурстық негізде жолдама алған 11-ден 15 жасқа дейінгі 300 балаға дейін қабылдайды.

Оқушылардың жазғы демалысын дамытудың өңірлік мәселелерін шешу бойынша өз аумақтарында жыл бойы жұмыс істейтін балалар орталықтары бар Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары білім басқармаларының бастықтары өз ұсыныстарымен бөлісті.

Басқосуға қатысушылар аталған жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша сұрақ-жауаптармен пікір алмасты, сауықтыру лагерьлері жүйесін бұдан әрі дамыту туралы ұсыныстарды талқылады.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырған осы дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент депутаттары, бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.