Балдың қауіпті вирустарды жоя алатындығы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швециялық зерттеушілер балдың құрамында қауіпті індеттермен күресте антибиотиктерге қарағанда тиімдірек 13 қышқыл сүт бактериясы бар екенін анықтады. Бұл туралы Medicinform хабарлады.

Балдың қауіпті вирустарды жоя алатындығы анықталды

Ғалымдар балды қауіпті организмдеріне қарсы пайдаланып, зерттеу жасап көрді. Бал құрамындағы қышқыл сүт бактериялары қауіпті микробтарды жойды.

Сондай-ақ, мамандар бірқатар жылқының жазылмай қойған жараларына бал жағып көрді. Нәтижесінде жылқылар жарасынан құлантаза айықты.

Сарапшылар балдың құрамындағы бактериялардың мол болуы оның шипалылық қасиетін артырады деген тоқтамға келді. "Антибиотикте әдетте бірі ғана емдеуші бактерия болады", - деді зерттеушілердің бірі Тобиас Олофссон.