Бали аралында апатқа ұшыраған қазақстандық спортшыны емдетуге туыстары қаражат іздестіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тау шаңғысы бойынша 32 жастағы қазақстандық спорт шебері Руслан Исаев индонезиялық Бали аралында демалып жатқан кезінде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
None
None

Ол байк мініп келе жатып, мотоциклмен соқтығысып қалған.

Русланды емханаға жергілікті тұрғын жеткізген. Оқиғадан кейін ол бірнеше күн есіз жатқан. Дәрігерлер спортшының миы шайқалып, бет сүйектерінің сынғанын анықтағанымен, ота жасауға асықпады, себебі, бұл аурухананың қазақстандықтың сақтандыру компаниясымен келісімі жоқ еді. Русланның достары оны басқа емханаға ауыстыртып, 9 мың доллар көлемінде қаражат төлеп, ота жасатты. Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық спортшының жағдайы қазір ауыр, есі кіресілі-шығасылы. Туған-туыстары оны емдетуге қаражат іздестіруде.

Бұл оқиғаны еліміздің ҚР Сыртқы істер министрлігі жіті бақылауына алып отыр.

Соңғы жаңалықтар