Балқаш алабұғасына арналған коллекциялық монеталар айналымға енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ұлттық банк«Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат Ұлттық банк сайтында жарияланатын болады.

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең алып көлдердің бірі және көлемі жағынан әлемде 15-орында тұр. Тұзды және тұщы бөліктен тұратын әлемдегі жалғыз табиғи су тоғаны.

Балқаш алабұғасы – көлде кездесетін эндемикалық балықтардың бірі. Ол 5-7 миллион жыл бұрын жақын тұқымдасы – кәдімгі өзен алабұғасынан шыққан. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталары 2 түрде дайындалды:

1. 925/1000 сынамалы күмістен жасалған. 3D және аса жоғары бедерлі технология қолданылған. Массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 500 дана;

2. МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм. Дайындау сапасы – «рrооf-like», номиналы – 200 теңге, таралымы – 20 мың дана.

Ұлттық банктен мәлім еткендей, коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдана береді. Сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Фото: www.nationalbank.kz


Соңғы жаңалықтар