Балқаш ауданының тұрғыны 2 жастағы баланы 30 мың теңгеге сатқан

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Балқашта өзінің 2 жастағы балаын сатқаны үшін 22 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Балқаш ауданының тұрғыны 2 жастағы баланы 30 мың теңгеге сатқан

«31 мамырда Қарағанды облысы ІІД ҰҚКБ-ға 22 жастағы әйел өз баласын ақшаға сатпақшы деген ақпарат келіп түсті. Оның кім екені анықталды. Жедел шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері бала сатушыны 30 мың  теңге беру кезінде ұстады», - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Әйел уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Анасының кінәсі дәлелденген жағдайда, оны мүлкі тәркіленіп, 5-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырады.