Балқаш дүкеніне күдікті ет жалған ветеринарлық анықтамамен түскен
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында сбір жарасына зерттелген ет ветеринарлық жалған анықтамамен Балқаш дүкеніне түскен. Бұл туралы Ақтоғай ауданында баспасөз мәслихатында өңірдің ветеринарлық қызмет өкілдері мәлімдеді.
«Ақтоғай ауданының Жидебай ауылында 16 тамызда «Жеңіс» шаруа қожалығының қожайындары мал сойған. Мал иесі ветеринарлық анықтаманы тірі малға алған, бұдан кейін етті Балқашта өткізген. 26 тамызда адамдар ауырғаннан кейін (түйнеме күдігімен жатқызылған - автордың ескертпесі), бізге жағдайды анықтап, ет қайда жеткізілгенін анықтауды тапсырды», - деді ҚР АШМ өңірлік ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы бастығының орынбасары Данияр Мерғазин.
Оның айтуынша, дүкендердің бірінен 68 келі ет тәркіленді. «Одан сынама алынып, облыстық және республикалық ветеринарлық зертханаларға және ветеринария бойынша референттік орталыққа жіберілді. Қазіргі кезде зерттеу жүргізіліп жатыр», - деді Д.Мерғазин.
Ол ветеринарлық анықтама беру бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.
«Мал иесінің ақпараты бойынша, ол екі бұқа сүзісіп жатқанын көрген, олардың бірі екіншісін жарақаттаған. Сол жарақаттанған мал сойылды. Дегенмен қожайын басқа малға анықтама алған. №1 анықтаманың орнына №2 нысандағы анықтама (тірі малға - ред.) берілген, өйткені ауылдық округте мал соятын арнайы алаң жоқ. Бұл да проблема», - деп түсіндірді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Асанолв.
Сонымен бірге, 90 келі ет қайда өткізілгені анықталды.
Б.Асанов ауыл округінде эпизоотиялық жағдай тұрақты екеніне сендірді. Оның айтуынша, ветеринарлық зерттеу нәтижелері аптаның соңына дейін белгілі болады.
«Ветеринария жағынан диагноз (сібір жарасы - ред.) қуатталған жоқ. Биосынама алынды, тышқандарға тәжірибе жасалды. Қазіргі кезде біз бұл сібір жарасы болғанын айта алмаймыз», - деді Д.Мерғазин.
Санитарлық қызмет ақпараты бойынша, Балқашта ет шабатын адам, осы етпен байланысты болғандықтан алдын алу мақсатында ауруханаға жатқызылған. «Оны тексергенде қолының саусақтары күйген. Мал сойғандықтан оны тексеру үшін Балқаштағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды. Әзірге зертхана нәтижелері келіп түскен жоқ», - деді облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Болат Қалмағамбетов.
Ол Ақтоғай ауданында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған екі адамда жарақатынан оң нәтиже алынды, ал ДНК деңгейіндегі экспресс-әдіс теріс нәтиже беріп тұр деп тап өтті. .
Ветеринарлық қызмет мәліметтері бойынша, кадастр бойынша, Ақтоғай ауданында екі жерде сібір жарасынан өлген малдар көмілген.
Бұдан бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланғанындай, Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округі Үшарал ауылының екі тұрғыны түйнемеге күдіктеліп, ауруханаға жатқызылған. Ер адам мен әйел 1972 жылы туған ерлі-зайыптылар.
Еске сала кетейік, мауымда Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында түйнесме дерті таралды. Ауыл тұрғындарының бірі сібір жарасымен ауыратын сиырды туыстары мен көршілеріне үлестірілген. Ауылға карантин енгізілді. Облыстық ауруханаға сібір жарасына күдіктелген 11 адам жеткізілді. Зертханада 8оқиға қуатталды. Ауырған екі адам көз жұмды, олар - 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам.