Балқаш гарнизонында сардар ауыр жарақат алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Әскери қызметшінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқаш гарнизонында сардар ауыр жарақат алды

«2022 жылдың 30 мамырында Балқаш гарнизонында офицер қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік шарасының бұзылуы салдарынан жарақат алды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланылмайды.