Балқаш қаласының әкімі жастар сыйлығын бекітті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин «Өркен» жастар сыйлығын бекітті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Өркен» жастар сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, қаланың жастар қозғалысының дамуын ынталандыру мақсатында тапсырылады.

«Сыйлық 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және кәсіби қызметі үшін беріледі», - деп хабарлады Балқаш әкімдігіндегілер.

Конкурс: жастар лидері - қаланың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысып және жастар арасында қоғамдық маңызды іс-шаралар ұйымдастырып, жастардың қоғамдық қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін, жас жұмысшы - жоғары өндірістік көрсеткіштері мен өндірістегі инновациялық және рационалдық ойлары үшін; жыл студенті - ғылыми жобаларды дайындауға және ғылыми- тәжірибелік конференцияларды өткізуге қатысқаны, жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында өткізілген конкурстар мен сайыстардағы жетістіктері үшін тағайындалады. Жыл оқушысы - ғылыми жобаларды дайындағаны, олимпиадаларда, сайыстарда жүлделі орындарды жеңіп алғаны үшін, жас дарын - мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысып, өнер, мәдениет, әдебиет саласында шығармашылық табыстарға жеткені үшін, жыл патриоты - белсенді азаматтық ұстанымы мен зор жауапкершілігі үшін, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер жасағаны үшін, жас маман - білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жоғары жеткен жеке жетістіктері, кәсіптік шеберлігі, қызметте ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін, мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізуге үлес қосып, белсенділік танытып, әлеуметтік елеулі және қоғамдық қызметтің дамуына үлесін қосқаны үшін, жыл спортшысы - спорт саласына өзіндік үлесін қосқан, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысып жетістіктерге жеткені үшін беріледі.

Конкурс комиссиясы жас мемлекеттік қызметкер номинациясын батыл және жарқын мансап бастамасы, саясат майданы жұмыстарының маңызды жетістіктері, жұрт алдында белсенділік танытып сөз сөйлегені, атқарылған жұмыстын тиімділігі мен нәтижелігі үшін табыстайды. Жас кәсіпкер - кәсіпкерлік рухы, басқару қабілеті, инновациялық жетістіктері мен қаржы көрсеткіштері үшін, бизнестің әлеуметтік маңыздылығы үшін беріледі.

Сыйлықтың ақшалай мөлшерлемесін Балқаш қаласы әкімінің «Өркен» қалалық жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы белгілейді.

Соңғы жаңалықтар