Балқаш қаласының ардагерлері парламентшілермен кездесті

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Балқаш қаласының ардагерлері Мәжіліс үйіне келді. Олар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченкомен және Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулинмен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесуде С.Дьяченко Қазақстанның жаңа экономикалық қадамдары жөнінде, «Нұр Отан» партиясының қоғамдағы рөлі және Парламент Мәжілісінің заң шығарушылық қызметі жайлы әңгімелеп берді. Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаның маңызды заң жобаларын сараптаудан өткізетінін айтты. Парламенттің төртінші шақырылымының ІІ сессиясы аяқталып келе жатқанын, Палатаға жүктелген міндеттердің дер кезінде орындалып, елдің дамуына аса қажетті заңдардың қабылданғанын мәлім етті. «Біздің басты мақсатымыз ? өркениет жолына түскен, заңдары сақталатын құқықтық мемлекет құру»,- деді С.Дьяченко.Балқаш өңірінің ардагерлерін Астанаға шақырып, осы шараны ұйымдастырушы депутат Ерлан Нығматулин өз сөзінде сайлаушылармен тығыз байланыс жасап тұратынын айтты. Балқашқа барғанда тұрғындармен, ардагерлермен жиі кездесу өткізіп, олардың жағдайларымен танысып отыратынын алға тартты. «Бүгін Астанаға Балқаш өңірінің белгілі ардагерлері келіп отыр. Олардың ішінде Кеңес үкіметінің, қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік марапаттарын алған еңбек ардагерлері бар. Сонымен қатар «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағына ие болған жандар да көрікті елордамыздың сән-салтанатын тамашалауға келді. Мұның бәрі аға ұрпақ өкілдеріне жасалған құрмет деп есептеймін», деді Н.Нығматулин. Балқаштық ардагерлер парламентшілерге алғыс білдіріп, заң шығарушылық қызметтеріне табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум